МКҚК «Бүлдіршін» бөбекжайы «Айгөлек» ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

 

Күні: ақпан 2021ж

Тәрбиеші: Рахметова Лаззат Жардемовна

 Тақырыбы: Қыстық киімдер

Білім беру саласыӘлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортаман танысу

Мақсаты: Балалар  қыс мезгіліне байланысты  бейнелейтін суреттерді айырады..Қыстық киімдерді презентация арқылы көре отырып тани алады және ажыратып айта алады. Қыз және ұл баланың киімдерін ажыратып  орнымен киіндіре  алады.

Әдіс тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, Сұрақ жауап

Ресурстар: табиғат құбылыстарының суреттері, бала санына қарай үлестірмелі материалдар.

Қостілдік компонент: Қолғап- перчатки, шалбар –брюки, тон-ішік

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Амандасу.

Шаттық шеңбер:

Күн нұрының шуағындай

Біз биіктен тараймыз

Болса дағы қандай жағдай

Күлімсіреп жүреміз

Амандасады. Өлең шумақтарын қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Дидактикалық ойын:

 «Бұл қай кезде болады?»

Балалар  қыс мезгіліне байланысты табиғат құбылыстары бейнеленген суреттерді атап береді.

Балалар міне  қыс мезгілінің белгілерін  атап бердіңіздер.

Қатты аяз болып,тоңғанда не істейміз?

Ендеше боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

Ал кун шыққанда не істейсіңдер?

Ал балалар біз тоңбас үшін үстімізге не киеміз?

Ғажайып сәт: Музыка ойналады.Топқа тігінші кіреді.

Саламатсыздар ма !

Мені таныдыңдар ма?

Енді бәріміз экранға көңіл аударамыз. Бұл не деп ойлайсыңдар?

Бұлар киімдер.Киімдер үшке бөлінеді. Бас киім,сырт,аяқ киім болып. Енді киімдердің атауларын атап берейік. Бұлар материалы қалың нарседен тігіледі.

 

Сергіту сәті

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт.

Шапалақ соғамыз

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз

Топ-топ-топ

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз.

Тоңды киіп аламыз,

Зу-зу-зу,

Шанамен зулаймыз.

 

Амандасады.

Қар жауады, аяз болып ,боран соғады.

Қолдарын қусырап аяқтарын тыпырлатады.

Қолдарын жоғары көтеріп гуілдейді

Алақай деп қолдарын көтереді

Жылы киінеміз.

Амандасады.

Қимылмен жасайды.

Рефлексивті - түзетушілік

Балалар жарайсыңдар.

Ойын: «Киіндіреміз»

Өз қалауларымен екіге бөлінеді.Үстел үстінде қыз бала және ұл баланы қыстық киімдермен киіндіру керек.

Тігінші рахметін айтып қоштасады.

Балалар бүгін біздер нелермен таныстық?

Қыс  мезгілінде қандай киімдер киеміз?

Ал ол киімдерді қандай материалдан тігеді?

Жарайсыңдар,балалар.Бүгін жақсы қатыстыңдар.

 

Балалар қызығушылықпен ойнайды.

Қоштасады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс мезгілінде болатын құбылыстарды атайды..

Игерді: Қыстық киімдерді атап, тани біледі.

Меңгерді: Өз беттерімен қуыршақтарды киіндіруді.