«Жасыл шырша жанында» (тақырыптық оқу қызметі)
Мақсаты:Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру,Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші:
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға.
Тақырыптық оқу қызметі басталсын
«Айгөлек» аралас (ортаңғы,ересек )тобында!
Музыкамен кіреді «Джингл Белс» (балалар екі сапқа тұрып пойыз болып кіреді )
Балалар біздер қандай мерекені тойлайын деп жатырмыз?
Жаңа жыл сендерге ұнай ма?
Мына шетте тұрған не?
Жаңа жылда біздер кімдерді күтеміз?
Біздің көптен күткен қонақтарымыз келгенше көңілімізді көтерейік.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Балалар енді бәріміз дөңгеленіп тұрып, бір билеп жіберейік.
Музыка қосылады ,қимылмен билейді.
Ойын: «Шырша, қоян,бүр»
Шырша дегенде – қолдарың созады.
Қоян дегенде – секіреді.
Бүр дегенде – отырады.
Би: «Ақша қар»
Енді аяз атамен Ақша қарды шақырайық.
Аяз ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Амансың ба, ұлдармын,
Аппақ ару қыздарым?
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.
Ақшақар: Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Аяз атаның дорбасынан алып бәріңе сыйлық таратып береді.Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!
Жүргізуші: Осымен жаңа жылдық тақырыптық оқу қызметіміз аяқталды.













