Күні: 15.02.2022 ж.
Тәрбиеші: Анаисова А.И.
Саласы : Таным
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: Қыс.
Мақсаты: Балалар қардың суретіне қарай отырып (түсі, пішіні, көлемі) танып, атай алады. Суреттердің орналасуына қарай кеңістікті бағдарлауды (жоғарыда-төменде, оң жақта-сол жақта, астында-үстінде) меңгере алады.
Әдіс-тәсілдері: ашық сұрақтар, бала үні. топтық жұмыс.
Ресурстар: қардың бейнесі, ағаш,бұлт,күн суреттері,бала санына қарай қыста киетін киімдер, түтікшелер
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-ояту кезеңі
|
Шаттық шеңбері. Музыка ойналады. -Сәлеметсіздер ме, балалар! Амандасып алайық.Қос қолмен алақанымызды түйістіріп, атымызды атап амандасамыз. |
Балалар шеңберге тұрады. Қос қолмен алақандарын түйістіру арқылы аттарын атап, амандасады. |
|
Ұйымдастырушылық- ізденіс кезеңі
|
«Тәрбиеші жетекшілігімен ойын» «Ойлан,тап» -Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі болайын деп тұр. Өйткені бізге қонақтар келді. -Қане, барлығымыз назарымызды маған қарай аударайық. Менің қолымда нені көріп тұрсыздар? -Қардың түсі қандай ? -Қардың пішіні қандай екен? -Енді екі қарды беттестірсем, нені байқадыңыздар? (Ашық сұрақтар. Тікелей бақылау) Ғажайып сәт. Аққала келеді. -Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен адасып қалып, дауыстарың шығып жатқасын келіп қалдым. Мені өздеріңнің қастарыңызға қосасыңдар ма? -Балалар, бұл кім екенін таныдық па? Оны өзіміздің қасымызға қосамыз ба? Құрылымдалған ойын. -Балалар,айналамызға қарайықшы. Не көріп тұрмыз? -Мына суреттерде бұлт қайда орналасқан? Ал, ағаштар қайда орналасқан? Дұрыс айтасыңдар. -Ағаштар оң жақта,күн сол жақта орналасқан. -Қараңыздаршы, ағаштың үстінде не тұр? Ал ағаштың астында не жатыр? Сергіту сәті. Музыка ойналады. -Балалар, енді бір сергіп алғаннан кейін тағы бір ойын ойнап жіберейік. Аққала да бізбен бірге ойын ойнасын. Екі үстелде «Қыстық киімдер» және «Сиқырлы түтікше» ойындары жатыр. Кім қай ойынды таңдайды соған барады. «Қыстық киімдер» ойынында қыс мезгілінде киетін киімдерді киіндіреміз. Ал «Сиқырлы түтікше» ойынында түтікшені үрлеу арқылы қыста болатын боранды көрсетеміз. Барынша қаттырақ үрлесек, боранымыз қатты соғатын болады. Еркін ойын. Аққала: - Балалар, мен орманға үйіме қайтайын. Көп тұрып қалсам, еріп кетермін. Сендер мені өз білімдеріңмен тәнті еттіңдер. Рахмет сендерге.
|
Балалар мұқият тыңдайды.
-Қар -Ақ -Дөңгелек -Біреуі үлкен, біреуі кішкентай.
-Аққала
-жоғарыда -төменде
-құс -қоян
Қимылмен қайталауға тырысады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Балалар, бүгін біз не туралы айттық? -Бізге кім қонаққа келді? -Енді егер сендерге оқу қызметінен алған әсерлеріңді аққаланың бейнесін таңдау арқылы білдіреміз. |
Балалар жауап беруге тырысады. Көңіл-күйлерін аққаланың бейнесін таңдау арқылы білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қыс мезгілі екенін;
Игереді: кеңістікті бағдарлауды;
Меңгереді: сұрақтарға жауап беруді.













