Мақсаты:Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата аналарды балабақша өміріне араластыру.Ата аналар денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүруге қызығушылығын арттыруға меңгерту.
Қажетті құралдар: Шаңғы,хоккей,доптар,арқан, тюбинги.
Ал,қанекей,қонақтар
Ортаға назар салайық
Ойыншылар келеді
Қол соғып қарсы алайық
«Көңілді тренинг» ата аналармен бірге (музыка әуенімен)
Ғажайып сәт: Күн кіреді.
Сәлеметсіздерме! Ата- аналар мен сіздердің спорттық шараларыңызды тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Келіңіз бізбен бірге болыңыз.
Жүргізуші:Армысыздар құрметті ата аналар.Бүгін біздің ата аналар арасында спорттық сайыс.Сайысқа қатысушы ата аналар «Жүзден жүйрік» атты көңілді сайысқа қош келдіңіздер!
Таныстыру- (топтың аты,ұраны)
1топ «Звезда» тобы.
Мы супер команда
Мы супер семья
Со спортом идем
Мы по жизни всегда
2-топ «Қыран» тобы.
Қыран көкке самғайды
Зеңгір көкті қорғайды
Әрқашанда қырандай
Біздің топ та самғайды.
3-топ «Жалын» тобы
Көк бөрідей,жүйрікті қайраттымыз.
Жігерлі де,білімді айбаттымыз.
Жүргізуші: 1сайысымыз «Күштіге жуық бол» дей отырып. «Шаңғымен жарыс»
Ойын шарты: Белгіленген жерге дейін,шаңғымен жарысу.Келесі адамға жалғастыру.
2сайысымыз «Доп қуыпта бүгінде» дей отырып. «Допты алып жүру»
Ойын шарты: Жарыса жүгіре белгіленген жерге дейін,барып кері жүгіру.Ойын жалғасады.
3 сайысымыз «Кім жылдам» дей отырып. «Хоккеймен допты қуалау»
Ойын шарты: Хоккей таяқшасы арқылы,допты қуалай.Белгілі мәреге дейін жетіп,кері қайту.
4 сайысымыз «Кім епті» дей отырып. « Тюбинги жарысы»
Ойын шарты: Балонға біреуі отырып,біреуі сүйреп,белгіленген мәреге шейін айналып қайтып келу.Ойын жалғаса береді.
5 сайысымыз «Біз мықтымыз» дей отырып. «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Тюбинги үстінде қарама- қарсы отыра арқанмен тартысу.Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып келсе,сол топ жеңіске жетеді.
Денсаулық «терең бақыт» деген сөзді.
Құр айтпаған ұлы абай данамыз да
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде- дей отырып, марапаттарымызды табыстаймыз.
Денсаулықтың кепілі салауаттылық «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз осымен аяқталды.Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.













