МКҚК «Бүлдіршін» бөбекжайы
«Балапан» кіші тобының «Ардақты анашым» атты ертеңгілігі
Зал іші әсем безендірілген. Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,аяулы аналар,қыздар! 8 – наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күніндей,сан алуан гүлдеріндей құлпырып,жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық!
Ән: «Анашым»
Музыка әуенімен Көктем кіреді.
Көктем:
Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Жүргізуші: Амансыз ба, Ару Көктем! Біздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз!
Көктем: - Сәлеметсіздер ме,балалар, ардақты аналар!
Сағынышпен жеткен,
Келді міне Көктем
Жайнап нұрлы гүлі,
Мерекеңіз бүгін
Құтты болсын,аналар!
Жүргізуші: - Ару Көктем,біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, судың сылдырын сағынды. Балалар сізге ән айтып,би билеп береді.
Жүргізуші: Қане,балалар,орнымыздан тұрып, биімізді билейік
Би: «Көктем гүлдері»
Көктем:-Рахмет,балалар. Енді мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.Ойын «Кім гүл тереді?» деп аталады.Музыка ойнаған кезде гүлдерді тездетіп, себетке салуымыз керек.
Ойын: «Кім гүл тереді?»
Көктем:- Балалар,сендер өте өнерлі екенсіңдер. Би де билеп,ән де айтады екенсіңдер.Сендерге көп рахмет. Сендермен уақытымды көңілді өткіздім. Ал енді менің кететін уақытым болды. Сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
-Құрметті қонақтар,осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер!
















