МКҚК «Бүлдіршін» бөбекжайы

«Айгөлек» ортаңғы тобының «Наурызым,армысың!» атты ертеңгілігі

 

Мақсаты: Балалар Наурыз қазақтың жаңа жылы екенін біліп атай алады. Елдің салт дәстүрін,мақал –мәтелдерін және наурыз көжеге жеті түрлі дәм салынатының меңгере алады.

Топ іші ұлттық нақышпен безендірілген.Киіз үйдің ішінде ата мен әже отырады. Әдемі әуенмен қыздар билеп,  ұлдар кіреді.

Жүргізуші: Армысындар халайық

Бармысыңдар халайық

Жауын жауып жер бетіне көк толсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын.

Наурыз –халықтың көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы – яғни Жаңа жыл. Халық ет асып, бидай көже жасайды . Олар атқа мініп, ауылдан – ауылға қыдырады . Бірін – бірі құттықтайды. Асқан еттерін жеп, көжелерін ішеді.Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Сөйтіп, Наурыз күнін шаттық өткізеді.

Жүргізуші: Ендігі кезекті  бүгінгі мейрамға келген қонағымызды қарсы алайық .Тазша бала кіреді.

Тазша бала: Наурыз құтты болсын!

Ән: «Наурыз» Алишер.

Тақпақтар:

Мадина: Ата –бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Қызығына тоймаған,

Жаңа жылым бармысың.

Амирбек: Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Ақмаржан: Арпа бидай бастаған,

Жеті дәмнен аспаған

Наурыз көже ежелден,

Бұл тойдағы бас маман

Риана : Наурыз – это праздник веселья,

Наурыз – это праздник Весны !

Наурыз – это праздник цветенье,

Наурыз – это праздник любвви !

Жүргізуші: Ән «Наурыз – біздің жаңа жыл» (хор)
Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Барлығымыз қарсы алайық. 
Музыка ойналады. Қаңбақ шал оның артынан Дәу кіреді.

Қаңбақ шал:
Армысыздар, ардақты ата – аналар, тәрбиешілер! Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Дәу: Ойбай, қаңбақ шал –ау! Жете алмай әрең жеттім ғо.Не деген жүйрік едің.

Жүргізуші:Бізбен бірге болып,балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Ал енді, біздің сері жігіттердің орындауындағы мына әсем биді тамашалаңыздар.

Би: Қамшы биі. (Амир,Аңсар,Дінмұхамет,Әмір,Алинур,Махамбед,Батырхан,Арлан,Ахмад,Асмир,Амангелді)

Ән: «Дастархан» (Әсия,Ақмаржан,Мадина,Айбек,Амирбек,Диас Ш.Риана,Айзере,)

Жүргізуші: Енді ойын ойнайық. «Орамал таста,сөз баста»

Жүргізуші: Ұлыс оң болсын

Диас Ш. Ақ мол болсын.

Жүргізуші: Бір тал кессең

Арлан: Он тал ек.

Жүргізуші:Бұлақ көрсең

Айбек:Көзің аш

Жүргізуші: Атаңнан мал қалғанша

Махамбет: Тал қалсын.

Жүргізуші: Ұлыс бақты болсын

Ахмад: Төрт түлік ақты болсын

Жүргізуші:  Құрметті, көрермендер қазақ халқының салт – дәстуріне не жетсін. Атап айтсақ олар: шілдехана, бесік той ,тұсаукесер, сүндет тойы . Атап айтқан қазақ халқының салт – дәстүрінің бір үзіндісін көрсетейік , ол  «Сүйінші»дәстүрі.(Ортаға Диас Ш. Шығып сүйінші рәсімін көрсетеді)

Жүргізуші :

Келесі біздің ару қыздарымыздың орындауындағы әсем биді тамашалаңыздар.

Би: «Домбыра» биі.

Жүргізуші: Енді ортамызға, ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетімен атамыздан бата сұрайық.

Ата:Амансындар ма, ұрпақтарым !Ұлыстын ұлы күні құтты болсын, айналайындар. Ал, балалар , Наурыз келді, жаңа жыл келді. Сиыр жылымен қоштасып, Барыс  жылын қарсы алатын кез де келіп жетті. Жылан  жылы халыққа жайлы болсын.
Ата: Ұлыс оң болсын ,
          Ақ мол болсын!
          Ұлыс бақты болсын !
          Төрт түлік ақты болсын. Әумин !

Жүргізуші: Құрметті қонақтар , тағы бір мәрте жыл басымыз – Наурыз мейрамы құтты болсын !Төрт  түлік бал татыған уызы ,
Қуат болып қанымызға тарайды – деп отырып наурыз көжеден дәм татыңыздар.