Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі : Музыка
Тақырыбы: «Менің туған өлкемнің музыкасы»
Музыка жетекшісі: А.А. Касымова
SMARTмақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырата біледі және
туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін музыка арқылы
дамыту.
Міндеті: Әнді көңілді айтып,дыбыстарды жоғарлығы бойынша ажыратады,
үлкен шеңберге шашырап тұрып айта алады.
Күтілетін нәтиже: Барлық балалар музыка жанрларын (күй, ән, би, марш)
ажырата алады. көпшілік балалар: Музыканы тыңдау және
орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын
сипаттай алады. кейбір балалар: Музыкалық шығарманың
сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын,
көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына,
ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.
Тілдік мақсат: Балалар: Отаны, тұратын жері туралы әңгімелейді. Туған жері,
елі туралы ән айтады.
Пікір алмасу сұрақтары: Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма? Туған
өлкеміз қалай аталады? Сендерге туған өлкелерің
ұнай ма?
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, қайталау, сұрақ - жауап
Ресурстар: Музыка, видео, слайд, смайликтер, сылдырмақтар, барабан, ыдыс,
шар, проектор, т.б
Оқу қызметінің барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады.
Балалар музыка жетекшісімен бірге әндете сәлемдеседі (видео арқылы)
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай оқу қызметіне келдіңдер?
Балалар: - Музыка
Музыка жетекшісі: - Музыка оқу қызметінде біз не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз.
Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар балалар! Ендеше балалар әнде таза, дұрыс
орындау үшін біздер нені білуміз қажет?
Балалар: Ноталарды.
Музыка жетекшісі: Әрине балалар, дұрыс айтасыңдар. Әнді дұрыс, таза
орындау үшін біз ноталарды білуміз қажет.
Балалар сендер ноталарды білесіңдер ме?
Балалар: Ия!
Музыка жетекшісі: Ия, балалар біз әр оқу қызметтерінде ноталарды қайталап
отырамыз. Өткен оқу қызметін еске түсіріп
ноталарды қайталайықшы?
- Балалар бұл оқу қызметінде сендер ноталарды Пинги
мен Кроки мен бірге қайталайтын боласыңдар. Сендер
Пинги мен Крокиді танисыңдар ма? Қазіргі
еліміздегі ахуалға байланысты Пинги мен Кроки сендерге
видео жолдама жіберіпті. Ендеше бәріміз бірге экранға
назар салып, ноталарды қайталайық.
(видео көрсетіледі, балалар ноталарды қайталайды)
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар!
ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Музыка жетекшісі: Балалар бүгінгі оқу қызметінде біз туған өлке және туған
жер туралы әндермен таныс боламыз. Туған өлке, туған
жер деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
(балалар жауап береді, сыни ойлау)
Ендеше Бота Бейсенованың
«Туған жердей жер болмас» әнін тыңдайық.
(ән тыңдайды)
Музыка жетекшісі: -Ән не туралы?
Балалар: Туған жер.
Музыка жетекшісі: Әннің көңіл –күйі қандай?
Балалар: Көңілді
Музыка жетекшісі: -Жарайсыңдар.
Музыка жетекшісі: -Балалар біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Қазақстан.
Музыка жетекшісі: -Біздің елбасымыз кім ?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Музыка жетекшісі: -Қазақстан республикасының рәміздерін атаңдаршы?
Балалар: Әнұран, Ту, Елаңба
Музыка жетекшісі: - Қазақстан республикасының бас қаласы қай қала?
Балалар: Нұр-сұлтан
Музыка жетекшісі: -Біз қай тілде сөйлейміз?
Балалар: қазақ
Музыка жетекшісі: Балалар Қазақстан Республикасының гимнін орындайық
(Қ Р Гимні орындалады)
ІІІ. Негізгі бөлім.
Музыка жетекшісі: Балалар жана біз үлкен отанымыз туралы еске түсірдік.
Ал енді өзіміздің туған өлкеміз Бәйтерек ауданы,
Новенький ауылы жайлы айтамыз. Балалар біздің тұрып
жатқан жеріміз, туған өлкеміз қалай аталады?
Балалар: Новенький.
(Саяхатшы келеді)
Саяхатшы: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен өмір бойы барлық жер шарын
кезіп жүрмін ал бұл ауылда мүлде болған емеспін.
Ауылдарыңның көрнекті жерлерімен танысқым келіп өз картамды
ашайын десем ашылмайды, маған сіздердің көмектеріңіз қажет.
Музыка жетекшісі: Балалар қонағымызға ауылымызды көрсетемізбе? Бұл
қандай ауыл таныстырайық?
Музыка жетекшісі: Ендеше қонағымызды Новенький ауылының көрікті
жерлерімен таныстырайық. Біздерде жолға шығайық,
Новенький ауылымыздың әсем жерлерін, біздерде біліп
алайық. Оң жақта да, сол жақта да Биік үйлер бар екен.
1-аялдама. Новеньков жалпы орта мектебі. Мектепте мұғалімдер балаларға
сабақ береді.
2-аялдама. Дәрігерлік амбулатория. Бұл жерде түрлі науқастарды емдейді.
Ауырған адамдар осы жерге келіп дәрігерге көрінеді.
3-аялдама.Обелиск Мұнда Ұлы Отан соғысына қатысып еліне оралмаған
аталарымызға арнап жасалған ескерткіш.
4-аялдама. Шаған өзені. Жаз кезінде салқындап суға шомылады,балық аулайды
5-аялдама. Бөбекжай -Біздің бөбекжай қалай аталады?
Бөбекжайға кімдер келеді?
Балалар: «Бүлдіршін» бөбекжайы, балалар келеді.
Музыка жетекшісі: Міне, ауылымыздың көрікті жерлерімен таныстық,
саяхатшыға көмектестік, ауылымыздың әсем жерлерімен
таныстырдық. Енді бөбекжайымызға кірейік.
Жолдан келдік бір серігіп алайық.
(Сергіту сәті топтық жұмыс)
Саяхатшы: Жарайсыңдар балалар! Менде құр келген жоқпын. Сендермен
ойын ойнайық. Бұл ойын сендердің музыкаға деген
қабілеттеріңнің қандай екенін көрсетеді.
(Ойын «Музыкалық қабілет» сыни ойлау, жеке жұмыс)
Саяхатшы: Жарайсыңдар балалар!Керемет!
Музыка жетекшісі: Балалар ендеше «Біз бақытты баламыз» әнін орындап
берейікші.
Саяхатшы: Рахмет балалар! Сендер өнерлі екенсіңдер! Сендердің
арқаларында мен Новенький ауылымен таныс болдым. Енді мен
жолға шығайын. Басқада елді-мекендермен танысайын. Бұл менен
сіздерге сый. Сау болыңыздар.
Балалар: Сау болыңыз!
(Саяхатшы балаларды мадақтайды, саяхатшымен қоштасады)
ІV. Қорытынды.
Музыка жетекшісі: Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма? Туған өлкеміз
қалай аталады? Сендерге туған өлкелерің ұнай ма?
(Бүгінгі оқу қызметі туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау)
Балалар жарайсыңдар! Оқу қызметіне өте жақсы
қатыстыңдар. Сендер бүгін маған қатты ұнадыңдар.
Рефлексия: Ал енді балалар оқу қызметі қызықты өтті деп ойласаңдар,
шарға күліп тұрған смайликти, орташа болса жәй тұрған, ал
қызықты болмаса, мұңайып тұрған смайликті жапсырамыз.
(Сұрақтарға қызығушылықпен жауап береді)
Музыка жетекшісі: Балалар оқу қызметіміз аяқталды, келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар! До свидание! Good bay!
Музыка жетекшісі: Сау болыңыздар!
(Балалар, музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.)
















