МКҚК «Бүлдіршін» бөбекжайы «Айгөлек» аралас ересек, ортаңғы тобы
Ұйымдастырылған оқу конспектісі.
Тәрбиеші:Аймаганбетова М.М.
Білім саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Тентек доптар саусақтарды шыңдайды»
SMART мақсаты: Допты таниды атай алады.Допты жоғары лақтырып,екі қолмен қағып алуды игере алады.Ойынды топпен бірлесіп ойнай алады.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,қортындылау.
Қажетті көрнекі құралдар: Шиыршықтар, тенисный доптар,таяқшалар,бубенщик,доптар.
Қостілділік компонент/билингвальный/:Лақтыру-кидать, доптар-мячи.
|
Іс- әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңдері |
Балалар сапқа тұрып пойыз болып спорт залға кіреді.(Пойыз әуені естіледі) Балалар барлығымыз спорт сарайына келдік.Барлығымыз қонақтармен амандасайық. Жалпы жетілдіруші жаттығулар: Алдымен саппен солдаттар құсап жүргізу,Қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүреміз.Қолымыз белде, өкшемізбен жүреміз.Қолымыз тіземізде жартылай отырып жүреміз,аю болып жүріп,қоян болып секіреміз. |
Балалар бірінің- артынан бірі тұрып пойыз болып жүреді.
|
|
Ұйымдастырушылық Ізденіс кезеңі |
Таяқшалармен жалпы жасалатын жаттығулар. 1 «Таяқшаларды ауыстырып сал» Б.қ сәл алшақ,қол төмен.Қолды алға созып,таяқшаны бір қолдан екінші қолға ауыстырып салу 4-5рет. 2 «Таяқшаны көтер» Б.қ қолды жанына қойып тіреле,аяқты алшақ қойып еденге отыру.Отырып екі қолмен таяқшаны, жоғары -төмен көтеру.5-6рет 3 «Әрі бер» Б.қ таяқшаны алға- артқа жаттығу жасау 3-4рет 4 «Таяқша менікі- сенікі» Б.қ аяқ сәл алшақ,таяқшаны ұстап оңға- солға жаттығу жасау 4-5рет. 5 «Отырып тұр» Таяқшаны ұстап ,аяқты бүкпей еңкейе алға артқа жасау 4-5рет. Тыныс алу жаттығу: Шарты: Ауаны ішімізге толтырып,жерге жатып шиыршықтың ішіндегі допты бір- бірімізге үрлейміз. Негізгі қимыл қозғалыс жаттығулар. Допты жоғары лақтырып,екі қолмен ұстап алу. Допты еденге лақтырып оны қағып алу. көрсету.Балалар бірге қайталайды. Еркін ойын: «Шиыршық» Шарты: Яғни барлығымыз қол ұстасып,шиыршықты қолдан түсірмей,шиыршықтан барлығымыз өтіп шығамыз.
Рефлекция: Ал қанекей,тұрайық Қолды баяу көтеріп Саусақтарды бүгіп ашып Төмен қарай түсірейік. Осылай тұрып демалып Жолға асықпай шығайық. |
Балалар бірге қайталайды.
Негізгі қимыл жаттығуларын орындайды.
Балалар ойынды ойнайды.
|
|
Іс әрекетті бағалау кезеңі. |
Жарайсыңдар балалар енді барлығымыз пойызымызға мініп,тобымызға барайық. Балаларды мадақтау. |
Балалар бірін бірі мадақтады. |
Күтілетін нәтиже:
Білді:Допты танып атайды.
Игерді:Допты жоғары лақтыруды игереді.
Меңгереді: Жалпы дамыту жаттығулардың,орындалу жолдарын.
https://yaslisad-buldir.rka.kz/kz/zha-aly-tar/122-mk-k-b-ldirshin-b-bekzhajy-ajg-lek-aralas-eresek-orta-y-toby-jymdastyryl-an-o-u-konspektisi.html#sigFreeId14b08d9715













